• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №211

244 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 4 қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________ Е. Досаев 2015 жылғы «_____» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _______________Т. Жақсылықов 2015 жылғы 24 шілде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №211 бұйрығымен бекітілген Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 9 қаңтарындағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 5 бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттарды беру тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған жеке және заңды тұлға; 2) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі - жоба) – белгілі бір уақыт мерзім ішінде іске асырылатын технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған іс-шаралар кешені; 3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 5) инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты; 6) нысаналы технологиялық бағдарлама (бұдан әрі – НТБ) - мемлекет, бизнес және ғылымның өзара іс-қимылында негізделген кәсіпорынның (саланың) технологиялық міндеттерін шешу бойынша іс-шаралар кешені; 7) өнеркәсіптік меншік объектісі – өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер; 8) өтініш – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес материалдар және құжаттармен жинақталған белгіленген нысандағы өтініш; 9) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға байланысты қарастыруға өтініш ұсынып отырған, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асырып отырған тұлға; 10) сынақ зертханасы (орталығы) - зерттеу, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі (филиал, өкілдік); 11) технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені; 12) технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі – ТСК) – уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңес беруші орган; 13) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы – технологиялық даму саласындағы ұлттық институттың бірінші басшысымен ұлттық институттың бірінші басшысының орынбасарларынан айқындалған тұлға. 3. Инновациялық гранттар өтініш берушілерге индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес инновациялық гранттарды берудің басым бағыттары шеңберінде беріледі. 4. Жеке тұлғалар болып табылатын өтініш берушілерге жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет және Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы есеп шоты болуы қажет. 5. Инновациялық гранттарды берудің ақпараттық қамтамасыз етілуін ұлттық институт жүзеге асырады. 6. Инновациялық гранттарды беру осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық институт (бұдан әрі – ұлттық институт) арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруге көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады. 7. Ұлттық институт инновациялық гранттарды беру рәсімдерін ұйымдастыруға жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тартады. 8. Осы Қағидалардың 1-қосымшасында инновациялық гранттар беру (бұдан әрі - инновациялық гранттар беру) шарттары көрсетілген. Технологияларды сатып алуға және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге екінші санатты өтініш білдірушілер үшін инновациялық гранттарды беру қаржыландыру көлемі тиісті жылы инновациялық гранттарды беруге бөлінген қаражаттың және өткен жылдардағы инновациялық гранттарды беру үшін бөлінген ұлттық институттың ағымдағы есеп шотындағы қаражаттың қалдығының 80 (сексен) пайызынан аспауы керек. 9. Шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеу үшін ұлттық институтқа берілген мерзімнен бастап 1 (бір) жылдан ерте емес берілетін инновациялық грантты есепке алмағанда, инновациялық грантты беруге байланысты шарт жасалғанға дейін ұсынылған жобаны жүзеге асыру мақсатында өтініш берушілер тарапынан жұмсалған қаражат қайтарылып берілмейді. 10. Ұлттық институт акционерлерін қоспағанда және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларда инновациялық гранттарды беру үрдісіне қатыспайтын, бірақ инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған жобалар туралы ақпаратты жария етуге құқылы болып табылатын үшінші тұлғаларға өтініш туралы ақпараттың жария етілмеуін Ұлттық институт қамтамасыз етеді. 2. Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізудің бірінші санаттағы өтініш берушілеріне, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру тәртібі 1 Параграф. Инновациялық гранттарды беру 11. Ұлттық институт жылына 2 (екі) реттен кем емес өтінім қабылданатын мекен-жайы мен мерзімін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында инновациялық гранттарды алуға байланысты өтінімдердің қабылданатындығы және қарастырылатындығы туралы хабарлайды. 12. Ұлттық институт уәкілетті органға ұлттық институт және уәкілетті орган арасында жасалған шартпен белгіленген мерзімде инновациялық гранттарды беру туралы рәсімдердің жүргізілуі туралы есеп тапсырады. Бұл ретте есепті мерзім аралығында инновациялық гранттарды беру туралы рәсімдердің жүргізілуі туралы есептің тапсырылуы инновациялық гранттар беру рәсімдерін тоқтатпайды. 13. Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізудің бірінші санаттағы өтініш берушілеріне, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру рәсімдері келесі кезеңдерді қамтиды: 1) ұлттық институтпен өтінімдерді қабылдау және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру; 2) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздіктері (бар болған жағдайда) туралы өтініш берушіні ескерту; 3) ұлттық институтпен өтінімдерге тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру; 4) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасымен екі тәуелсіз сарапшының теріс қорытындысы туралы өтінім берушіні хабарландыру; 5) ұлттық институтпен көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру; 6) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасымен шығындардың негізділігін тексеруі нәтижесі туралы өтініш берушіні хабардар ету; 7) ұлттық институтпен инновациялық грантты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің қабылдануы; 8) инновациялық грантты беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ұлттық институт тарапынан грант алушымен инновациялық грантты беру туралы шарттың жасалуы; 9) шарт талаптарына сәйкес инновациялық грант қаражаттарын аудару; 10) инновациялық гранттарды беру мен жобаларды жүзеге асыру бойынша мониторинг. 14. Осы Қағидалардың 13 тармағының 2)-8) тармақшаларында көрсетілген инновациялық гранттарды беру рәсімдерінің барлық кезеңдерін жалпы жүргізу мерзімі өтініш берушінің ұлттық институт талап еткен қосымша ақпараттар ұсыну мерзімін қоспағанда 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. 15. Өтінімдерді қабылдау және қарастыру жылына екі реттен кем емес негізде жүзеге асырылады, олардың аралығындағы уақыт мерзімі 40 (қырық) күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс. Ұлттық институт белгілеген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды. 16. Ұлттық институт келіп түскен барлық өтінімдерді тіркейді және олардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін 1 (бір) жұмыс күннен артық емес мерзімде тексереді. 17. Өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне байланысты тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұлттық институт өтініш берушіге өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген пошта және электронды пошта мекен-жайына анықталған сәйкессіздіктер (бар болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді. 18. Өтінім материалдары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші белгілі болған сәйкессіздіктерді жоя алады және өтінімді және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес түзетілген құжаттарды қайта ұсынады. Ұлттық институтпен анықталған сәйкессіздіктерді жоймастан өтінімді қайта тапсырған жағдайда, өтінім ағымдағы жылы әрі қарай ұсыну құқығынсыз кері қайтарылады. Өтініш беруші тарапынан жеткіліксіз және (немесе) түзетілген құжаттарды тапсыру кезеңінде өтінімді қарастыру тоқтатылады. Сұраныс жасалған құжаттар 15 (он бес) жұмыс күн ішінде тапсырылмаған жағдайда өтінім өтініш берушіге әрі қарай қарастырылмастан қайтарылады. 19. Ұлттық институтпен тәуелсіз сараптама жүргізу үшін отандық және шетелдік сарапшыларды тартады. Тәуелсіз сараптама жүргізу үшін және тәуелсіз сарапшыларды іріктеуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшасында көрсетілген. 20. Өтінім тәуелсіз сарапшылардың бірінен тәуелсіз сараптаманың жүргізілуіне екі сарапшы тартылған жағдайда теріс пікір алса, ұлттық институт үшінші тәуелсіз сарапшыны тартады. 21. Егер тартылған екі тәуелсіз сарапшылардан теріс қорытынды алынған болса, ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтіш берушіге 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тартылған тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын қоса отырып хабарлама жібереді. 22. Тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижелері бойынша ұлттық институт тартылған 2 (екі) тәуелсіз сарапшылардың оң қорытындыларын алғаннан кейін көрсетілген шығындардың өтінімдерге сәйкес негізділігін тексереді. 23. Көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру тәртібі ұлттық институттың актісімен реттеледі және ұлттық институттың интернет-ресурсына орналастырылады. 24. Шығындардың негізділігіне байланысты тексеріс жүргізу үшін ұсынылған ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда ұлттық институт өтініш беруші көрсетіп отырған шығындарды растайтын өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық пошта бойынша және пошталық хабарлама арқылы өтініш берушіге 1 (бір) реттен көп емес ресми сауал жолдайды. 25. Өтініш беруші ұлттық институтқа электронды пошта арқылы немесе пошта хабарламасы бойынша көрсетілген шығындарды растау үшін ақпаратты өзі қол қойған (егер өтініш беруші жеке тұлға болса) немесе уәкілетті тұлға немесе өтініш беруші – ұйымның бірінші басшысының (егер өтініш беруші заңды тұлға болса) қолы қойылған ілеспе хапен сұратылған құжаттармен қоса, сұратылым күнінен кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады. Өтініш беруші тарапынан жеткіліксіз және (немесе) түзетілген құжаттардың тапсырылуы кезеңінде өтінімді қарастыру тоқтатылады. 26. Сұраныс жасалған құжаттар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тапсырылмаған жағдайда, өтініш берушіге өтінім әрі қарай қарастырылмаған қалпында қайтарылады. 27. Тексеру қорытындылары бойынша есепке алынған қаражат сомасы негізді деп есептеледі және өтініш беруші тарапынан ұсынылған шығындар баптары бойынша жұмсауға жататын шығындар ретінде қарастырылады. 28. Көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру барысында өтініш беруші жоба бойынша қарастырылған соманы толық көлемде негіздей алмаған жағдайда, көрсетілген шығын жоба бойынша негізделген сомаға тепе-тең көлемде қысқартылады. 29. Ұлттық институт көрсетілген шығындардың негізділігін бағалау аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілген шығындардың негізділігін бағалау нәтижелерімен таныстыру мақсатында оларды өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электронды мекен-жайға жібереді. 30. Өтініш беруші 5 (бес) жұмыс күн ішінде ұлттық институттың мекен-жайына электронды пошта арқылы немесе пош­та хабарламасы бойынша өзі қол қойған (егер өтініш беруші жеке тұлға болса) немесе уәкілетті тұлға немесе өті­ніш беруші – ұйымның бірінші басшысының (егер өтініш беруші заңды тұлға болса) қолы қойылған жұмсалған қара­жаттың негізділігін тексеру нәтижелерімен келісетіндігі немесе өтінімдегі пікірге сәйкес келіспейтіндігі туралы хат жібереді. Өтініш беруші жұмсалатын қаражаттың негізділігін тексеру нәтижелерімен келісетіндігі немесе өтінімдегі пікірге сәйкес келіспейтіндігі туралы хатты жолдау кезеңінде өтінімді қарастыру тоқтатылады. 31. Егер өтініш беруші жұмсалатын қаражаттың негізділігін тексеру нәтижелерімен келіспейтін болса ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешімді өтініш берушінің келіспейтіндігі туралы хатының негізінде қабылдайды. 32. Инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешімді ұлттық институт мына жағдайлардың ескере отырып қабылдайды: 1) тартылған тәуелсіз сарапшылардан қорытындылары; 2) өтініш берушіден шығындардың негізділігінің қорытындысымен келісетіндігі туралы жазбаша хаты. 3) инновациялық гранттарды берудің қаржыландыру көлемі тиісті жылы инновациялық гранттарды беруге бөлінген қаражаттың және өткен жылдардағы инновациялық гранттарды беру үшін бөлінген ұлттық институттың ағымдағы есеп шотындағы қаражаттың қалдығы. 33. Ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы осы Қағидалардың 32-тармағымен қарастырылған шешімді қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні өтініш берушіге сәйкес мазмұндағы жазбаша хабарлама жібереді. 34. Өтінім берушімен және ұлттық институт арасында формасы анықталған, инновациялық грантты беру, инновациялық грантты беру туралы екі жақты шартқа қол қою арқылы беріледі. 35. Ұлттық институт инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инновациялық грантты беру туралы шарт қол қою үшін өтініш берушіге жөнелтіледі. 36. Егер инновациялық грантты беру туралы шарт алынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің кінәсінан шарт жасалмаған жағдайда, ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы инновациялық грантты беруден бас тарту және бұдан бұрын қабылданған шешімдердің күшін жою туралы шешім қабылдайды. 37. Инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі. 38. Жасалған шартқа сәйкес жобаны жүзеге асыру үрдісін бақылау мақсатында ұлттық институт инновациялық грантты беру туралы жасалған шарт талаптарына сәйкес жобаның жүзеге асырылуына байланысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады, оның нәтижелері бойынша жарты жылда бір рет уәкілетті органға есеп тапсырылады. 39. Жүзеге асыру мониторингі жүргізу тәртібі ұлттық институтпен уәкілетті органның келісуі бойынша бекітіледі және ұлттық институттың интернет-ресурсында жарияланады. 40. Грант алушыға инновациялық грант қаражатын аудару инновациялық грантты беру туралы жасалған шарт талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен ұлттық институт тарапынан жүргізілген іс-шараларды (іс-қимыл) жүзеге асыру жөніндегі мониторинг негізінде жүзеге асырылады. 41. Инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған жобалар бойынша ақпаратты, ұлттық институт өзінің жеке интернет-ресурсында орналастырады. Параграф 2. Өтініш берушілердің екінші санаты үшін өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге инновациялық гранттар беру тәртібі 42. Ұлттық институт өтінім қабылданатын мекен-жай, байланыс тұлғалары мәліметтерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттардың ресми интернет-ресурсында өтініш берушілердің екінші санаты үшін жылына 2 (екі) рет өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге инновациялық гранттарды алуға байланысты өтінімдердің қабылданатындығы және қарастырылатындығы туралы хабарлайды. 43. Екінші санатты өтініш берушілерге өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге инновациялық гранттар беру рәсімдері келесі кезеңдерден тұрады: 1) ұлттық институттың өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру; 2) ұлттық институттың уәкілетті тұласы өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздіктері туралы өтініш берушіні ескертуі (бар болған жағдайда); 3) ұлттық институт тарапынан өтінімдерге тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру; 4) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы тартылған екі немесе одан да көп тәуелсіз сарапшылардың теріс қорытындысы туралы өтінім берушіні хабарландыруы; 5) ұлттық институт тарапынан көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру; 6) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы өтініш берушіні шығындардың негізділігін тексеруі нәтижесі туралы хабардар етуі; 7) өтініш бойынша ТСК қарауына жоба бойынша кешенді қорытынды және басқа ақпарат дайындау және жіберу; 8) ұлттық институт тарапынан ұсынылған өтінімдердің, қорытындылардың ТСК отырысында қарастырылуы және өндірістік зерттеулер жүргізуге өтініш берушілердің екінші санаты үшін инновациялық грантты беру немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы ұсыныс беру; 9) ұлтттық институттың өтініш берушіге ТСК-ның теріс ұсынысы туралы хабардар етуі; 10) ұлттық институттың ТСК ұсыныстары негізінде өндірістік зерттеулер жүргізуге өтініш берушілердің екінші санаты үшін инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді қабылдауы; 11) инновациялық грантты беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ұлттық институт тарапынан грант алушымен инновациялық грантты беру туралы шарттың жасалуы; 12) шарт талаптарына сәйкес өндірістік зерттеулер жүргізуге өтініш берушілердің екінші санаты үшін инновациялық грантты беру. 44. Осы Қағидалардың 43-тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген инновациялық гранттарды беру рәсімдерінің барлық кезеңдерін жалпы жүргізу мерзімі, өтініш берушінің ұлттық институт талап еткен қосымша ақпараттарды ұсыну мерзімін қоспағанда 90 (тоқсан) жұмыс күнінен аспауы тиіс. 45. Өндірістік зерттеулер жүргізуге өтінімдерді қабылдау және қарастыру жылына 2 (екі) рет, олардың аралығындағы уақыт интервалы 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс мерзімді негізде жүзеге асырылады. Ұлттық институтпен белгіленген сәйкес жылда өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімінен кейін қарастыруға келіп түскен өтінімдер келесі күнтізбелік жылы қарастырылатын болады. 46. Ұлттық институт келіп түскен барлық өтінімдерді тіркейді және олардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде тексереді. 47. Өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне байланысты тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіге өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген пошта және электронды пошта мекен-жайына анықталған сәйкессіздіктер (бар болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді. 48. Өтінім материалдары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші белгілі болған сәйкессіздіктерді жоя алады және өтінімді және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес түзетілген құжаттарды қайта ұсынады. Ұлттық институт тарапынан анықталған сәйкессіздіктерді жоймастан өтінімді қайта тапсырған жағдайда, өтінім ағымдағы жылы әрі қарай ұсыну құқығынсыз кері қайтарылады. Өтініш беруші тарапынан жеткіліксіз және (немесе) түзетілген құжаттарды тапсыру кезеңінде өтінімді қарастыру уақытша тоқтатылады. Сұраныс жасалған құжаттар 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде тапсырылмаған жағдайда өтінім өтініш берушіге әрі қарай қарастырылмастан қайтарып беріледі. 49. Ұлттық институт 3 (үштен) кем емес отандық және шетелдік сарапшыларды тарту арқылы тәуелсіз сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Тәуелсіз сараптаманы жүргізу және тәуелсіз сарапшыларды таңдау шарты 2 қосымшада көрсетілген 50. Егер тартылған екі немесе одан да көп тәуелсіз сарапшылардан теріс қорытынды алынған болса, ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтіш берушіге 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тартылған тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын қоса отырып сәйкес хабарлама жіберіледі. 51. Тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижелері бойынша ұлттық институт ұлттық институт тарапынан тартылған екі немесе одан да көп тәуелсіз сарапшылардың оң қорытындыларын алғаннан кейін көрсетілген шығындардың өтінімдерге сәйкес негізділігін, қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларды тарта отырып тексереді. 52. Көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру тәртібі ұлттық институт тарапынан бекітіледі және ұлттық институттың интернет-ресурсына орналастырылады. 53. Шығындардың негізділігіне байланысты тексеріс жүргізу үшін ұсынылған ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда ұлттық институт өтініш беруші тарапынан көрсетіліп отырған шығындарды растайтын өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық пошта бойынша және пошталық хабарлама арқылы өтініш берушіге ресми сауалмен қосымша ақпараттарды екі реттен көп емес талап етуге құқылы болып табылады. 54. Өтініш беруші ұлттық институтқа электронды пошта арқылы немесе пошта хабарламасы бойынша көрсетілген шығындарды растауға қажет ақпаратты өзі қол қойған (егер өтініш беруші жеке тұлға болса) немесе уәкілетті тұлға немесе өтініш беруші – ұйымның бірінші басшысының (егер өтініш беруші заңды тұлға болса) қолы қойылған ілеспе хапен сұратылған құжаттармен қоса, сұратылым күнінен кейін 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынуы қажет. Өтініш беруші тарапынан жеткіліксіз және (немесе) түзетілген құжаттардың тапсырылуы кезеңінде өтінімді қарастыру уақытша тоқтатылады. Сұраныс жасалған құжаттар 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тапсырылмаған жағдайда, өтініш берушіге өтінім әрі қарай қарастырылмаған қалпында қайтарылады. 55. Жылдық тексеру қорытындылары бойынша есепке алынған қаражат сомасы, ұсынылған шығындар баптары бойынша барынша жұмсауға жататын шығындар ретінде қарастырылады. 56. Егер көрсетілген шығындардың негізділігін тексеру барысында өтініш беруші жоба бойынша қарастырылған соманы толық көлемде негіздей алмаған жағдайда, көрсетілген шығын көрсеткішіне шаққандағы негізделген процентке дейін азайады. Бұл ретте, негізделмеген сома өтініш берушінің жеке қаражаты есебінен жабылады. 57. Ұлттық институт көрсетілген шығындардың негізділігін бағалау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген шығындардың негізділігін бағалау нәтижелерімен таныстыру мақсатында оларды өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электронды мекен-жай бойынша жібереді. 58. Өтініш беруші 5 (бес) жұмыс күн ішінде ұлттық институттың мекен-жайына электронды пошта арқылы немесе пошта хабарламасы бойынша уәкілетті тұлға немесе өтініш беруші – ұйымның бірінші басшысының қолы қойылған жұмсалған қаражаттың негізділігін тексеру нәтижелерімен келісетіндігі немесе өтінімдегі пікірге сәйкес келіспейтіндігі туралы хатты жібереді. Өтініш беруші тарапынан жұмсалған қаражаттың негізділігін тексеру нәтижелерімен келісетіндігі немесе өтінімдегі пікірге сәйкес келіспейтіндігі туралы хатты ұсыну кезеңінде өтінімді қарастыру уақытша тоқтатылады. 59. Егер өтініш беруші жұмсалатын қаражаттың негізділігін тексеру нәтижелерімен келіспейтін болса ұлттық институт инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 60. Тәуелсіз сараптаманы және жұмсалатын қаражаттың негізділігін тексеру өткізгеннен кейін ұлттық институт 3 (үш) жұмыс күні ішінде тәуелсіз сарапшылардың қорытындымен қоса және жұмсалатын қаражаттың негізділігі бойынша қорытындысымен бірге жоба бойынша кешенді қорытынды дайындайды. 61. Ұлттық институт 2 (екі) жұмыс күні ішінде ТСК қарауына өтініш бойынша мәліметтерді жібереді. 62. Өтініш бойынша мәліметтер жоба бойынша кешенді қорытындыны, өтініш берушінің жобасы бойынша өтініш берушінің өзі ұсынған презентация, өтінішті ұлттық институтқа жолдаған уақытта ұлттық институттың шоттарында сәйкес жылда инновациялық гранттарды беруге республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың бар болуы жайлы ақпаратты қамтиды. 63. ТСК ұлттық институт арқылы өтінім бойынша материалдар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жоба бойынша материалдарды қарастырады, жобаны талқылау үшін отырыс ұйымдастырады және келесі ұсыныстардың бірін береді: 1) инновациялық грант беруге ұсыну; 2) инновациялық грантты беруден бас тарту. ТСК отырысына өз жобасын презентациялауға өтініш беруші шақырылады. 64. Инновациялық грантты беруден бас тарту туралы ТСК хаттамалық шешімі қабылданғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтінушіге сәйкес келетін жазбаша хабарландыру жолдайды. 65. ТСК екінші санатты өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізу инновациялық грантты беру туралы оң хаттамалық шешімінен бастап ұлттық институт 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою үшін нысаны ұлттық институтпен анықталатын шартты өтініш берушіге жөнелтіледі. Егер инновациялық грантты беру туралы шарт 30 (отыз) жұмыс күні мерзімде өтінушінің бастамасымен жасалмаса, ұлттық институт инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 66. Инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көшірмесі уәкілетті органға жолданады. 67. Жасалған шартпен сәйкесінше жобаны жүзеге асыру үдерісін бақылау мақсатында, ұлттық институт жарты жылда бір рет есептемені уәкілетті органға жіберу үшін инновациялық грантты беру туралы жасалынған шарт шарттарына сәйкес жобаны жүзеге асыру барысының үздіксіз мониторингін жүргізеді. 68. Инновациялық гранттарды беру туралы жасасқан шарттар бойынша жобалардың мониторингісі ұлттық институттың актісімен реттеледі және оның интернет сайтында орнатылады. 69. Грант алушыға инновациялық гранттың қаражатын аудару инновациялық грантты беру туралы жасалған шарт шарттарына кезең бойынша шаралар (әрекеттерді) жүзеге асыру мониторингінің нәтижелері бойынша және есептемелік кезеңде немесе сатысында грант алушының жүргізген шығындарының талдауларына сәйкес жүргізіледі. 3 Параграф. Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар алу үшін ұсынылатын материалдар және (немесе) құжаттар тізбесі 70. Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге (бірінші санат бойынша), бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық грант алудан үміткер болып табылатын өтініш берушілер ұлттық институтқа келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес үлгіде грантты алуға байланысты жазылған өтініш; 2) осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (сондай-ақ ағылшын тілінде электронды тасымалдауышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында) сканерленген өтініш берушінің сауалнамасы; 3) осы Қағидалардың 5-қосымшаға сәйкес жоба паспорты бойынша (сондай-ақ ағылшын тілінде электронды тасымалдауышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында) жоба төлқұжаты; 4) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес үлгідегі күнтізбелік жоспар жобасы (сондай-ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда және PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады); 5) осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес үлгідегі мәлімделген/өндірілген шығындарды растайтын құжаттармен қоса берілген шығындар сметасының жобасы (шарттардың, келісімдердің көшірмелері, бар болған жағдайда өзге де жеткізушілердің бағалық/коммерциялық ұсыныстары, интернет-ресурстарға сілтемелер, төлем жүргізу есепшоттары және т.б.); 6) басшы болып табылмайтын тұлғаға өтініш беру, оған қол қою, инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою құқығын беретін құжат; 7) салық төлеушінің салық берешегінің және төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім беру күнінің алдындағы үш айдан артық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтамасының түпнұсқасы; 8) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың бар болуын растайтын «Электронды үкімет» порталынан электронды құжат; Ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 9) жеке тұлғалар үшін – өтінім қолма-қол ұсынылған жағдайда жеке куәлігінің не паспортының түпнұсқалары мен көшірмелері салыстырылып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жеке куәлігінің не паспортының нотариалды куәландырылған көшірмелері. 71. Технологияларды сатып алу үшін инновациялық грант алудан үміткер болып табылатын өтініш беруші үшін 70 тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа төмендегілерді ұсыну қажет болып табылады: 1) бағаларын көрсете отырып тараптардың технологияларды және (немесе) құрылғыларды беру туралы ниеттерін растайтын алдын-ала жасалған келісім; 2) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары (сондай-ақ ағылшын тілінде электронды тасымалдауышта Word форматындағы электронды тасымалдаушыда және PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады); 3) лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындау (олар болған жағдайда) біліктілігін растайтын басқада құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (қолма-қол ұсынылған жағдайда тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады) немесе лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және басқада құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (пошта арқылы түскен жағдайда). 72. Бірінші санат үшін өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған инновациялық грантты алудан үміткер болып табылатын өтініш білдірушіге 70 тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа төмендегілерді ұсыну қажет болып табылады: 1) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жүргізу бағдарламасы (сондай-ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда және PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады); 2) өтініш берушінің ғылыми ұйыммен серіктестік байланысты болу ниетін растайтын құжат (тартылған жағдайда), сондай-ақ Word форматындағы электронды тасымалдаушыда және PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады); 3) лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындау (олар болған жағдайда) біліктілігін растайтын басқада құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (қолма-қол ұсынылған жағдайда тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады) немесе лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және басқада құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (пошта арқылы түскен жағдайда). 73. Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға байланысты инновациялық грант алудан үміткер өтініш білдірушіге 70 тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша ұлттық институтқа төмендегілерді ұсыну қажет болып табылады: 1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес құрылым бойынша құрылған жобаның бизнес-жоспары (сондай-ақ ағылшын тілінде Word форматындағы электронды тасымалдаушыда және PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады); 2) өтініш берушінің өнімнің жоғары технологиялық түрлерін өндіру және/немесе пайдалануға байланысты құқығын растайтын құжат (болған жағдайда: шарттар, келісімдер, келісімшарттар, күзет құжаттары, лицензиялар, сертификаттар және т.б.; сондай-ақ Word форматындағы электронды тасымалдаушыда және PDF немесе JPEG форматында сканерленген қалыпта ұсынылады); 3) лице